Freedom Inside '26

"Жүрегі тоқтап қалды": Ербаян Мұхтардың дәрігері жазба жариялады

"Жүрегі тоқтап қалды": Ербаян Мұхтардың дәрігері жазба жариялады
Dalanews.kz коллажы

Марқұм Ербаян Мұхтардың дәрігері жазба жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Адам баласы ауырсынумен қалай өмір сүре алады? Үнсіз төзіп, күтіп, үміттеніп, күн сайын алға қарай қадам жасап, қайтадан қорқынышсыз, шектеусіз өмірге оралуды армандайды…

Дәл осы сезімдерді мен Ербаянның көзінен әр кездескен сайын көретінмін. Оның жанарында үміт бар еді. Сауығып кетуге, болашаққа, өмірге деген үміт.

Өкінішке қарай, кеше түнде оның жүрегі тоқтап қалды💔

Болған жағдайдың қайғысы мен әділетсіздігін сөзбен жеткізу өте қиын. Мен оның ғана емес, жақындарының да жан азабын көрдім. Әрбір кішкентай жетістік бізге қуаныш сыйлайтын. Біз жоспар құрдық, сендік, үміттендік. Бірақ тағдыр басқаша шешті…

Ербаян, сен өте қайсар, батыл, мейірімді әрі жарық жан едің. Сен еліміздің армияға үлкен үмітпен аттанатын көптеген жас жігіттерінің үніне айналдың. Соңына дейін күрестің және нағыз рух күшінің қандай болатынын көрсеттің.
Мен үшін сен жай ғана пациент емес едің. Күн сайынғы еңбегіміз сенің бір күні қайтадан аяққа тұрып кететініңе деген ортақ үмітпен өтетін. Өкінішке қарай, бұл арман орындалмады…

Бүгін жүрегімде үлкен бос кеңістік қалды. Сенің енді арамызда жоқ екеніңді қабылдау өте ауыр. Бірақ қазір сен ауырсыну мен азаптан ада жерде тыныштық таптың деп сенгім келеді