Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалықты хабарлады, деп жазады dalanews.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Ақерке есімді қызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, өз шаңырағына алып кеткен. Осы сәтте отбасының үлкені жас жұбайларға ақ батасын берген.
"Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын", – деп жазды әнші.
Мақпал Жүнісова қуанышты сәттен түсірілген кадрларды да көпшілік назарына ұсынып, жас жұбайларға бақыт пен береке тіледі.