Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 23 маусымда Сенатта Қазақстанда зейнетақыларды, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді индекстеуге бюджеттен 800 миллиард теңге қарастырылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол көптеген кәсіпорындар 2026 жылдан бастап ҚҚС 20% болатынын ескере отырып, өнімдері мен қызметтерінің бағасын көтеріп үлгергенін айтты. Азық-түлік бағасы 9,6%-ға өсті. Көрсетілетін қызметтер құны 15-16%-ға қымбаттады. Бұл ретте Үкімет қызметтер бағасының өсімін тежеуге қарсы шаралар қолданатын болады.
"Зейнетақыларды,жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді индекстеуге біз шамамен 800 млрд теңге қарастырып отырмыз. Бюджетте бұған мүмкіндік бар, сондықтан халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қатты ауыр болмайды (қымбатшылық тұрғысында шам. – авт.) деп ойлаймын", - деді Серік Жұманғарин.
Ол бірінші және екінші топтағы мүгедектер үшін салық салынбайтын табыстың көлемі айына 289 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін ұлғайтылғанын атап өтті. Бұл 350 мың салық төлеушінің шамамен 12 млрд теңгені үнемдеуіне мүмкіндік береді.