2026 жылдың басынан бері зейнетақы активтерінің табыстылығы 1,99%-ды құрады, деп хабарлайды Dala News.
1 наурыздағы мәліметке сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтері Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруында 25,8 трлн теңгеден асты, ал инвестициялық табыс көлемі 513,3 млрд теңгені құраған.
Жеке басқарушы компаниялар арасындағы табыстылық көрсеткіштері:
•Сентрас Секьюритиз – 2,41%
•Halyk Global Markets – 2,01%
•Ұлттық банк – 1,99%
•Alatau City Invest – 1,88%
•BCC Invest – 1,6%
•Halyk Finance – 1,3%
Сарапшылардың мәліметінше, басқарушы компаниялар арасындағы табыстылық айырмашылығы инвестициялық стратегиялар мен активтерді орналастыру ерекшеліктеріне байланысты.
