Жетісу облысында магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстанның ұлттық дерек орталығы Жетісу облысында жер асты дүмпуі тіркелгенін хабарлады.
Мәліметке сүйенсек, жер сілкінісі 1 маусымда Астана уақытымен сағат 10:56-да Текелі қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 шақырым қашықта болған.
Мамандардың дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,8, ал энергетикалық класы 9,0 болған.