Жетісу облысының 10 тұрғыны интернет пен байланыс сапасына қатысты шағымданып, сот арқылы 315 мың теңгесін қайтарып алған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Болат Танабергенов айтты.
Тұрғындардың сөзінше, олар 40 күннен астам уақыт интернетті қалыпты пайдалана алмаған. Осыдан кейін облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті Талдықорған қалалық сотына талап арыз берген.
Нәтижесінде байланыс операторы қызметтің сапасыз болғанын мойындап, тұрғындарға төленген ақшаны толық қайтарған.