Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Жетісу облысында полицейлер өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарып қалды

Жетісу облысында полицейлер өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарып қалды
видео кадры

Жетісу облысында полицейлер өртенген жүк көлігінен 38 жылқыны құтқарып қалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бүгін Алматы - Өскемен тасжолының 175-шақырымында полиция қызметкерлері қозғалыс кезінде өртене бастаған Volvo жүк көлігін байқаған.

Тәртіп сақшылары дереу тоқтап, өртсөндіргіштерді алып, жүргізушіге көмек көрсетуге асыққан. Жүк көлігінің ішінде 38 жылқы болуы жағдайды күрделендіре түскен. Полиция қызметкерлері өртсөндірушілер келуін күтпестен, малды құтқаруға кіріскен. Сонымен қатар, олар өртті де сөндірген.

Полицейлердің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында барлық жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.

"Жүргізуші жылқыларды Күршімнен Шымкентке тасымалдап бара жатқан. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ІІМ өкілдері.