Freedom Inside '26

Зеренді көлі маңындағы қарағайлы орман қурай бастаған: тұрғындар дабыл қақты

Зеренді көлі маңындағы қарағайлы орман қурай бастаған: тұрғындар дабыл қақты
visitnursultan.kz

Ақмола облысында Зеренді көлі маңындағы қарағайлар қурап жатыр. Тұрғындар ағаштар солып бара жатқанын байқап, бұл жайтты "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткізген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мамандардың сөзінше, кейінгі жылдары көлдегі су деңгейі едәуір көтеріліп, жағалау маңын су басқан. Қарағай артық ылғалға және тамыр жүйесіне оттегі жетіспеуіне сезімтал келеді.

Соның салдарынан жағалау бойындағы ағаштар әлсіреп, қурай бастаған.

Бұған дейін жергілікті билік зардап шеккен үйлердің тұрғындарын көшіріп, қорғаныс бөгеттерін орнатқан. Қазір жағдай бақылауда екені айтылды.