Әлеуметтік желідегі әдепсіз әрекеті үшін шымкенттік үш тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Жүргізілген мониторинг барысында полицейлер Шымкенттің үш тұрғыны тікелей эфирде бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған видеоны анықтады.
"Олар - 19 жастағы Жанерке Қалдыхан, 18 жастағы Балжан Отарбаева және 20 жастағы Камила Бекжан", - деді полиция.
Үшеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен Балжан Отарбаева мен Жанерке Қалдыханның әрқайсы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал Камила Бекжанға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция кез келген қоғамдық ортада белгіленген тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау міндетті екенін ескертті.