Freedom Inside '26

Желіде сәбиін көтеріп, жұмыс істеп жүрген курьер әйел іздестіріліп жатыр

Желіде сәбиін көтеріп, жұмыс істеп жүрген курьер әйел іздестіріліп жатыр
Threads @erzhan_kalymbai

Threads желісінде арқасына жеткізу сөмкесін асынып, құшағына сәбиін көтеріп жүрген әйел туралы жазба кең тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желіде тараған суретте әйел курьер болып жұмыс істеп жүргені байқалады. Жазба авторының айтуынша, ол жаяу курьер болып жұмыс істейді. Алайда әзірге оның кім екені және қайда жүргені анықталмаған.

Автор желі қолданушыларын әйелмен байланыс орнатуға көмектесуге шақырған.

Жазба көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары жазбаны бөлісіп, әйел мен баласына қолдау білдіріп жатыр.

Пікір қалдырғандардың бірі отбасына қаржылай көмек көрсеткісі келетінін айтса, енді бірі азық-түлік пен балаларға қажет заттар беруге дайын екенін жеткізген. Сондай-ақ, кейбір желі қолданушылары әйелді танитын адамдардан хабарласуды сұраған.

Әзірге әйел кім екені анықталған жоқ.