Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты Ақбаян Мұқанғалиеваның туыстары оның қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қарабалиндер әулетінің туысы Фаризат Кенжеғалиеваның сөзінше, Ақбаян жақындарымен әзірге кездесе алмай отыр. Оның айтуынша, оған ешкімді кіргізбейді.
"Әке-шешем ауылда" деп айтады дейді. Ақбаянға мүлдем кіргізбейді. Ешкімді кіргізбейді. Сот біткен соң сөйлесетін болармыз. Тірі екеніне шүкір етіп отырмыз", – дейді Фаризат Кенжеғалиева.
Тергеу кезінде Ақбаян Мұқанғалиева өзінің аты-жөнін, туған күні мен туған жерін айтқан. Сондай-ақ орта білімі барын және қазір жұмыс істемейтінін жеткізген. Алайда өзге сұрақтарға жауап бере алмағандықтан, тергеуші жауап алу процесін тоқтатқан.
Туыстары Ақбаянмен сот аяқталғаннан кейін кездесеміз деп үміттеніп отыр.
Айта кетейік, Kursiv Media видеосы Атырау облысы Жангелдин ауылында түсірілген.