Желіде Қазақстан азаматтығын алған ресейлікке қатысты дау туды

Желіде Қазақстан азаматтығын алған ресейлікке қатысты дау туды
gov.kz

Әлеуметтік желіде Қазақстан азаматтығын алған ресейліктің жазбалары қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары shkuratov_danil атты парақша жариялаған пікірлерге наразылық білдірген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол қазақ тілін "жергілікті тіл" деп атаған. Сонымен қатар, ол қазақ тілінде сөйлейтін адамдарға қатысты балағат сөздер қолданған.

Оның бұл пікірлері әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Кейбірі Қазақстанның құқық қорғау органдарын белгілеп, оның әрекетіне құқықтық баға беруді сұраған.

"Бұл адам ұлтаралық араздықты қоздырып, қазақ тілін құрметтемейді. Жауапкершілікке тартуды сұраймын", - деді желідегілердің бірі.

Тағы бір желі қолданушысы оның Қазақстан азаматтығын қалай алғанына қатысты сұрақ қойып, елден шығаруды ұсынған. Кейбір пікірлерде "азаматтың әрекетіне заң аясында баға берілуі керек" деген талап айтылған.

Әзірге оның Қазақстан азаматтығын қашан және қандай негізде алғаны, сондай-ақ, оның жазбаларына уәкілетті органдар қандай шара қабылдағаны туралы ресми ақпарат жоқ.