Захарова Қазақстан елшісіне шағым айтты

Dalanews 05 қаз. 2022 04:39 758

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова деген шайпау мінезді ханым біздің Ресейдегі еліміз Ермек Көшербаевты шақырып алып, Қазақстандағы Украин елшісі Пётр Врублевскийге қатысты тәртібіне қатысты біраз әңгіме айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Тәуелсіз ел Мария Захарованың біздің елшіге бұлайша әкіреңдеуі орынсыз. Егер Пётр Врублевскийге қатысты айтар арыз-арманы болса, Украина Сыртқы істер министрі Димитрий Кулебаға барып айтпай ма?

Біздің сыртық ведмостваның өкілдері Пётр Врублевский блогер Диас Кузаиров  берген сұхбатынан кейін шақырып алып, ел ішінде ұлтараздық тудыруға жол берілмейтінін ескерткен болатын.

Осыдан кейін Украин елшісі өзінің Қазақстандағы миссиясын аяқтап, еліне оралған-ды. Араға біраз уақыт салып Пётр Врублевский Қазақстандағы отбасын алып кету үшін Қазақстанға келген болатын. Ол сол аралықта еліміздегі Украин елшілігіне барған.


Пётр Врублевскийдің өз елінің елшілігіне барғаны Захарованың аяздай батса керек. Ол осыдан кейін Мәскеудегі біздің елшіні шақырып алып біраз «әңгіме» айтып Пётр Врублевскийді елден тездетіп шығаруды талап етіпті. Захарованың мұнысы енді асқандық.

Соғыстан қашқан мыңдарған орыс сыйған Қазақстанға Украинаның бір елшісі сыймай ма? Оның біздің елде аялдайтындай уақыты да жоқ. Захарова айтты екен деп отбасын алып кетуге келген елшіні асықтыру орысыз ғой.

Захарова «Пётр Врублевский дипломатикалық этика мен өзі қызмет етіп жатқан елдің заңын сыйламағанды былай қойғанда, қарапайым мәдениеттің шегінен шығып, ұлтараздық жанжал туғызуға әрекеттенуде» деп біздің елшіге шағым айтыпты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар