23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарыныңсайлауы – Қазақстанның жаңа конституциялық даму кезеңіндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі. «Елорда үміті» жастар қоғамдық бірлестігітөрағасының орынбасары Мәдиәр Нұрасылдыңайтуынша, әрбір азаматтың дауысы елдіңболашағын айқындайтын шешімдерге ықпал етеді, сондықтан сайлауға қатысу – конституциялық құқыққана емес, азаматтық жауапкершілік, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мәдиәр Нұрасыл Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңасаяси кезеңін айқындайтын тарихи оқиға екенін айтты.

«Сайлау – жай ғана саяси рәсім емес. Бұл – халықтыңегемен еркін білдіретін конституциялық құқығы әріазаматтық жауапкершіліктің ең жоғары көрінісі. Мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешімдерхалықтың тікелей қатысуымен қабылданғанда ғанақоғамдық сенім нығаяды», – деді ол.
Оның айтуынша, биылғы 23 тамызда өтетін Құрылтайдепутаттарының сайлауы жаңартылған Конституция аясындағы алғашқы маңызды саяси науқандардың біріболмақ.
«Бұл күнді кезекті сайлау ретінде ғана қабылдауғаболмайды. Бұл – еліміздің жаңа конституциялық дәуіргеқадам басқанын көрсететін тарихи кезең. Құрылтайдыңқұрылуы – ұлттық дәстүр мен қазіргі заманғыдемократиялық қағидаттардың сабақтастығынайқындайтын маңызды қадам», – деді Мәдиәр Нұрасыл.
Спикер Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саясиреформалардың негізгі мақсаты билік тармақтарыарасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, азаматтардыңмемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейту екенінатап өтті.
Оның пікірінше, әрбір азаматтың дауысы елдіңболашағы үшін маңызды.
«Кейбір азаматтар "бір дауысымнан ештеңе өзгермейді" деп ойлайды. Бірақ мемлекет – миллиондаған адамныңортақ таңдауының нәтижесі. Әрбір дауыс – елдіңқауіпсіздігіне, экономикалық тұрақтылығына жәнеболашақ дамуына қосылған нақты үлес», – деді ол.
Мәдиәр Нұрасыл жастардың елдегі реформалардысырттай бақылаушы емес, олардың белсендіқатысушысы болуы тиіс екенін айтты.
«Бүгінгі жастар қоғамдағы өзгерістердің белсендіқозғаушы күшіне айналуы керек. Азаматтық ұстанымәлеуметтік желідегі пікірмен емес, нақты әрекетпенөлшенеді. Ал сайлауға қатысу – өз еліңнің тағдырынабейжай қарамайтыныңды дәлелдейтін ең заңды әріөркениетті жол», – деді спикер.
Ол сайлауға қатысу белгілі бір кандидатқа дауыс беруғана емес, Конституцияға, заң үстемдігіне жәнедемократиялық құндылықтарға деген құрметтің белгісіекенін жеткізді.
«Мен үшін сайлауға қатысу – Ата заңға деген құрмет, заңүстемдігіне және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатына деген сенім. Сонымен қатар бұл – Қазақстанның тұрақты әрі демократиялық мемлекетретіндегі халықаралық беделін нығайтуға қосылғанүлес», – деді Мәдиәр Нұрасыл.
Сөз соңында ол барлық қазақстандықтарды 23 тамыздаөтетін Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
«23 тамызда біз тек бүгінгі күн үшін емес, келерұрпақтың болашағы үшін таңдау жасаймыз. Мемлекетбір күнде құрылмайды, ол әр азаматтың жауапкершілігімен белсенді ұстанымының нәтижесінде қалыптасады», – деді ол.