Әлеуметтік желілерде Ташкент облысында ерлі-зайыптының үйлену тойынан кейінгі күні қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Желіде тараған мәліметке сәйкес, Пскент ауданында жас жұбайлар газдан уланып көз жұмған.
Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі 15 желтоқсанда Пскент ауданындағы "Бирлик" махалласында бірге тұрған 1995 жылы туған ер адам мен 1997 жылы туған әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.
Тергеуге дейінгі тексеру аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала қорытынды бойынша, олардың өліміне белгісіз заттан улану себеп болған.
Қазіргі уақытта Пскент аудандық прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеруді жалғастырып жатыр.