"Жарысқа немесе артық шығынға айналмауға тиіс" - министрлік мұғалімдерге гүл беруге қатысты

"Жарысқа немесе артық шығынға айналмауға тиіс" - министрлік мұғалімдерге гүл беруге қатысты
коллаж DKNews.kz/AI-generated

Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйек қарсаңында тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, негізгі мақсат - мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу, балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу.

"1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау - жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауға тиіс. Ең бастысы - гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек. Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауға, ақша жинауды ұйымдастырмауға және мұны ата-аналарға міндеттемеуге тиіс", - деп ескертті министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге болмайтыны хабарланды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары міндетін атқарушы Шынар Ақпарова мәлімдеді.