1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл мен сыйлық беруге болмайды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы ОКҚ брифингінде оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шынар Ақпарова мәлімдеді.
"Жергілікті атқарушы органдарға тиісті хаттар жолдадық. Мектеп қабырғасында гүл немесе қандай да бір сыйлық беруге болмайды. Мұны арнайы атап көрсеттік. Сондықтан бұған қажеттілік жоқ", - деді Шынар Ақпарова.
Сонымен қатар, 1 қыркүйекте барлық сыныпта бірыңғай сынып сағаттары өтеді. Колледждерде кураторлық сағаттар ұйымдастырылады.
Шынар Ақпарованың айтуынша, олардың ұзақтығы шамамен 45 минут болады.