Зардап шеккен адам бар: Қаскелеңде тұрғын үйден өрт шықты

Сағыныш Сардарова 26 қаз. 2024 10:50 3293

Алматы облысының өртсөндірушілері өрт кезінде 5 адамды эвакуациялады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бүгін Қарасай ауданы Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер жанды.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. 15 тұрғын өздігінен далаға шықты.

"Өртсөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуға кеңес берді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар