Жақсылық Омардың ісі: ШҚО әкімінің қызметіне қатысты сұрақ туындады

Жақсылық Омардың ісі: ШҚО әкімінің қызметіне қатысты сұрақ туындады
Фото: Gosrating

Қоғамдық бақылаумен айналысатын Gosrating ұйымы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтан бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың ісіне қатысты түсініктеме беруін сұрады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұйымның мәліметінше, 2026 жылғы 20 мамырда ШҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты пара алу фактісі бойынша шығарылған айыптау үкімі заңды күшіне енген.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, егер мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталса, оның тікелей басшысы белгілі бір мерзім ішінде қызметінен кетуі тиіс. Gosrating осы талаптың орындалуына қатысты әзірге ресми ақпарат жарияланбағанын атап өтті.

Осыған байланысты ұйым облыс әкімдігіне ашық түрде үндеу жасап, қалыптасқан жағдайға қатысты түсініктеме берулерін сұрады.

"Елімізде заң бәріне бірдей әрі тең дәрежеде қолданылуы тиіс", – делінген ұйымның мәлімдемесінде.