Заңнамаға енгізілген түзетулер Қоғамдық кеңестер қызметі оң әсер ектен

Dalanews 11 қар. 2021 06:20 753

Биылғы жылы Мемлекет басшысына Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама енгізілетіні белгілі. Бұл норма 2021 жылы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға енгізілген түзетулерді ескеріп бекітілген, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ауқымды ғылыми-талдау құжатын жасау қоғамдық кеңестердің даму үрдістерін сипаттай отырып, дамуын талдауға бағытталған. Қазіргі уақытта, 2021 жылғы заңнамалық өзгерістерді талдау қоғамдық кеңестердің қызметіндегі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) ұсынымдарын көрсетеді.

2021 жылы Қоғамдық кеңестер, ҮЕҰ өкілдерінің, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген азаматтық белсенділердің қатысуымен ұлттық баяндама жобасы бойынша сараптамалық талқылаулар өтті.

Сарапшылар 2021 жылдың басында қоғамдық кеңестер туралы Заңға қабылданған түзетулердің оң әсерін атап өтті, соның арқасында олардың құқықтары мен өкілеттіктері кеңейтілді.

Сарапшылармен қоғамдық талқылау барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы ақпараттың сапасын, шынайылығы мен объективтілігін пысықтау қажеттігіне назар аударды.


Ұлттық баяндамаға 1200 респондентті қамтитын әлеуметтік сауалнама нәтижелері, сондай-ақ бірқатар қоғамдық кеңес өкілдерімен сұхбаттар кірді. Бұдан басқа, проблемалық аймақтарды анықтай отырып, қоғамдық кеңестер қызметінің құқықтық негіздері қаралды. ЭЫДҰ ұсынымдарының орындалуын талдау және оларды қоғамдық кеңестердің қызметінде одан әрі тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігі маңызды бөлікке айналды.

Ұлттық баяндаманы Үкіметке, одан әрі Мемлекет басшысына енгізу ағымдағы жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігіне жоспарланып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар