Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың отбасынан тәркіленген 17 дана iPhone 16 смартфоны сатылымға шығарылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мәліметінше, аукционға жады көлемі 128 ГБ болатын 17 iPhone 16 қойылған. Смартфондар ультрамарин, қара және ақ түсте ұсынылған. Олардың төртеуі бойынша сауда-саттық өтіп үлгерген.
Әр смартфонның бастапқы бағасы 1 454 970 теңге болып белгіленген. Сауда бағасы төмендетілетін аукцион форматында өтеді. Сарапшылар құрылғыларды 484 990 теңгеге бағалаған. Ал сатып алуға болатын ең төменгі баға 339 493 теңгені құрайды.
Департаменттің мәліметінше, егер смартфондар сатылмай қалса, олар әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға беріледі.
Сонымен қатар ведомство ұялы телефондардың мемлекеттік заңды тұлғаларға теңгеріміне беру үшін веб-портал арқылы ұсынылмайтынын түсіндірді.
Бұған дейін сотталғандардан тәркіленген автокөліктер жалпы аукционға шығарылмай, тек мемлекеттік органдарға ұсынылатын. Ал бұл жағдайда смартфондар ашық сауда арқылы сатылып жатыр.