Жамбыл облысында жүкті келіншекті күйеуі зиратқа апарып, азаптаған

Жамбыл облысында жүкті келіншекті күйеуі зиратқа апарып, азаптаған
ашық дереккөз

Жамбыл облысында 18 жастағы жүкті қыз күйеуінің қатыгездік көрсеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адам оны зиратқа алып барып, соққыға жығып, тұншықтырмақ болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жәбірленушінің сөзінше, оқиға кезінде оның қағанағы жарылып, толғағы басталған. Соған қарамастан күйеуі оны бір сағаттан астам уақыт бойы жібермей ұстаған.

Қыз жасырын түрде құрбысына хабар беруге мүмкіндік тауып, болған жағдай туралы жеткізген. Кейін ақпарат құқық қорғаушыларға жеткен. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.