10 шілдеге қараған түні Жамбыл облысында жер сілкінді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 00:59-да тіркелген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5 болды.
Жер сілкінісі қалай сезілгені туралы ақпарат жарияланған жоқ.