Заман өзгерсе, билік те өзгеруі керек

Заман өзгерсе, билік те өзгеруі керек
Қоғам қайраткері, саясаткер Мұхтар Тайжан өзінің Facebook`тегі парақшасында 1-ші қыркүйек білім күні алған әсерімен бөлісіпті. 

Кешегі күннен қатты бір əсер алдым. 1 қыркүйек 7 жасар балақайлар мектепке тұңғыш рет барғанда əнұранымызды жатқа біліп барды.
Ал 60-қа келген депутаттар соңғы 10-15 жыл парламентте отырып, əлі əнұранымызды білмей жүр.

Сонда кім ақылды? Кіп-кішкентай балақайларымыз ба, əлде жасы үлкен, бірақ орысшыл боп қалған парламентте отырған депутаттар ма?

Қазақи халыққа ауадай қазақи билік керек, заман өзгерсе, билік те өзгеруі керек. Басқа амалы жоқ.