Жалған ақпаратқа қарсы орталық шілде айындағы ең көп тараған фейктерге шолу жасады

Жалған ақпаратқа қарсы орталық шілде айындағы ең көп тараған фейктерге шолу жасады
Фото: qyzylqoga.kz

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы шілде айында қоғамда кеңінен тараған жалған ақпараттарға шолу жариялады. Орталықтың мәліметінше, өткен айда таралған фейктердің басым бөлігі азаматтардың алаңдаушылығын күшейтетін әлеуметтік маңызы бар тақырыптарға қатысты болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Атап айтқанда, жалған ақпараттар қаржылық қауіпсіздік, әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер, мемлекеттік қызмет көрсету, инфрақұрылымның жұмысы және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін қамтыған.

Орталықтың түсіндіруінше, мұндай ақпаратты таратушылар қоғамның эмоциялық реакциясын күшейту үшін дәл осындай өзекті тақырыптарды әдейі таңдайды.

"Мұндай жарияланымдардың авторлары аудиторияның күшті эмоциялық реакциясын тудыруы мүмкін тақырыптарды саналы түрде пайдаланады. Сондықтан кез келген күмәнді ақпараттың шынайылығын мемлекеттік органдар мен уәкілетті ұйымдардың ресми хабарламалары арқылы тексерген жөн", - деп ескертті Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы.

Мамандар азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған расталмаған ақпаратқа сенбеуге және ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырды.