Израиль Газа секторын қайтадан атқылады: 26 адам қаза тапқан

Асель Қайратқызы 20 қаз. 2025 12:49

Израиль қорғаныс армиясы Газа секторында орналасқан ондаған нысанаға соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ЦАХАЛ- дың мәліметінше, шабуыл радикалды палестиналық ХАМАС қозғалысына қатысы бар нысандарға қарсы жүргізілген, деп хабарлайды МИР24 сайты.

Шабуыл жасалған нысандардың қатарында: қару- жарақ қоймалары, әскери инфрақұрылым нысандары, оқ ататын позициялар, сондай- ақ қарулы радикалдардың жекелеген бөлімшелері бар.

Жергілікті тұрғындар мен денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, бұл шабуылдар кем дегенде 26 адамның өмірін қиды, олардың арасында кем дегенде бір әйел мен бір бала болған деп хабарлайды Reuters.

Израиль армиясының баспасөз қызметі атап өткендей, бұл шабуылдар ХАМАС тарапынан атысты тоқтату режимінің бұзылуына жауап ретінде жасалған.

Вашингтон Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім күшінде деп есептеуді жалғастыруда. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

«Әлі де күшінде»,- деп жауап берді Трамп Таяу Шығыстағы бітім режимі әлі сақталып жатыр ма деген сұраққа. Оның сөзін Fox News келтірген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар