Милан-Кортина Олимпиадасында 20 ақпан күні Қазақстан құрамасы бірнеше маңызды жарысқа қатысады. Бұл күн отандастарымыз фристайл-акробатика, конькимен жүгіру және шорт-тректен сынға түседі, деп хабарлайды Dalanews.kz
Тікелей эфирді Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Бүгінгі жарыс кестесі:
14:30 – Фристайл-акробатика (ерлер):
Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Раимқұлов, Роман Иванов, Асылхан Асан.
20:30 – Конькимен жүгіру спорты, 1500 метр (әйелдер):
Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Арина Ильященко.
Ал шорт-тректен 1500 метрге Ольга Тихонова мен Яна Хан қатысады. Жарыс түнгі уақытта өтеді: 00:15-те ширек финал, 01:02-де жартылай финал, 02:00-де В финалы және 02:07-де А финалы жоспарланған.
Қазіргі уақытта медаль кестесінде көш бастап тұрған елдер:
-
Norway – 34 медаль (16 алтын);
-
United States – 27 медаль (9 алтын);
-
Italy – 26 медаль (9 алтын).
Бүгінгі күнге дейін Олимпиада жүлделерін 27 елдің спортшылары иеленген.
Топ-10 қатарына енген қазақстандықтар:
-
Надежда Морозова (конькимен жүгіру) – 3000 метр қашықтықта 6-орын;
-
Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метрде 7-орын;
-
Илья Мизерных (шаңғы трамплинінен секіру) – үлкен трамплинде 8-орын;
-
Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулда 8-орын;
-
Евгений Кошкин (конькимен жүгіру) – 500 метрде 9-орын;
-
Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – 10-орын.
Қазақстан құрамасы алдағы жарыстарда жүлделі орындар үшін таласты жалғастырады.
