Ираннан қазақтар эвакуацияланды

Көркем Алдабергенова 17 мау. 2025 15:14

Ираннан Әзербайжан арқылы 17 елдің 600-ден астам азаматы қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Dalanews.kz Report басылымына сілтеме жасап.

Бес күннен бері гуманитарлық көшіру процесі жоғары деңгейде жүргізіліп келеді.

Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс басталғалы Астара шекара бекеті арқылы 600-ден астам адам жайлы жағдайда эвакуацияланды. Олардың қатарында әзербайжан азаматтарымен бірге 17 мемлекеттің өкілдері бар.

ТМД елдерінен Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары эвакуацияланған. Сонымен қатар Германия, Испания, Италия, Сербия, Румыния және Португалия сынды еуропалық елдердің де азаматтары көмекпен елдеріне оралды.

АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай және Вьетнам азаматтары да эвакуацияланғандар қатарында болғанымен, олардың саны аз.

Көшірілгендердің айтуынша, Иран аумағында Әзербайжан шекарасынан өту үшін кезекте тұрған жүздеген адам бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар