Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыру фактілерінің көбейгенін мәлімдеді. Мұндай құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Instagram, TikTok және Threads платформаларында тіркелген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Осыған байланысты прокурорлар азаматтарға ҚР Конституциясында бекітілген ұлтаралық келісімге қатер төндіретін кез келген әрекетке тыйым салынатынын еске салды.
Заңға сәйкес, мұндай қылмыс жасағандар 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал ауыр зардаптарға әкелген жағдайда жаза мерзімі 12 жылдан 20 жылға дейін ұзаруы ықтимал.
Бұл қылмыстар экстремистік санатқа жатады және амнистия қолданылмайды. Сондай-ақ жазба авторының көпшілік алдында кешірім сұрауы да оны жауапкершіліктен босатпайды.