Илья Ильин спортқа орала ма?

Dalanews 12 нау. 2017 12:33 867

Илья Ильиннің әлеуметтік желідегі парақшасында спортпен шұғылданып жатқан видеолары пайда болды.

Спорт залда ол 210 келіге дейінгі зілтемірлерді бағындырып, өзін сынап көруде, – деп хабарлайды 365инфо сайты.

«Бүгін достарыммен бірге бір тамаша жаттығу-семинар өткіздік. 6 сағаттық жұмыс әрі уақыт өте қызық өтті! Бүгін барлығы өздерінің ең жақсы нәтижелерін көрсетті! Мен зілтемірді қайта қолыма алғаныма өте қуаныштымын! Достар, жемісті еңбектерің үшін рақмет!», — деп жазды Илья Ильин Инстаграмдағы өзінің парақшасына.

Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен 2008 және 2012 жылдарғы олимпиадалық медальдарынан айырылған отандық спортшыға жанкүйерлері қызу қолдау білдіріп, тілек-ниеттерін жеткізуде. Олар Ильиннің үлкен спортқа қайта оралып, Токиодағы ойындарға қатысатынына үміт білдіріп жатыр.

Айта кетелік, Халықаралық олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларының қосымша тексеру қорытындысы бойынша оны сол ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды. Бұдан кейін Илья Ильин спорттық мансабын аяқтайтынын мәлім еткен еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар