Америкалық миллиардер, Tesla негізін қалаушы Илон Маск 2024 жылы 474 млн долларды қайырымдылыққа бөлгені белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл қаражаттың басым бөлігі Масктің өзі құрған ұйымдарға бағытталған. Оның ішінде STEM бағытындағы мектеп ашуды көздейтін Foundation қоры 370 млн долларға жуық қаржы алған.
Сонымен қатар, Маск:
-
Геркуланум қазбаларынан табылған шиыршықтарды цифрландыру жобасына 2,1 млн доллар,
-
Лос-Анджелестегі Холокост мұражайына,
-
Еуропалық еврей қауымдастығына қолдау көрсеткен.
2021-2024 жылдары Маск жалпы 1 млрд доллардай қайырымдылық жасаған. Осы кезеңде оның байлығы айтарлықтай өсіп, бүгінде 434,6 млрд доллар деп бағаланып отыр.
