Мониторинг барысында 65 ең әлеуметтік-маңызды деген мемлекеттік қызмет көрсетулер қамтылды. Олардың ішінде – жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бағыттау үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою, жедел медициналық жәрдем шақыру, тауарларды кедендік тазарту, ҚР Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметкерлерін тіркеу, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау сынды маңызды қызметтер қамтылды.
Сұрау жүргізу кезінде келесідей негізгі принциптер сақталды: айқындық, заңдылық, объективтілік, жанжақтылық, шынайылық және бейтараптық. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ақпарат, қолжетімділік, қызметкерлер, рәсімдер, мерзімдер, шығындар, кері байланыс, нәтиже сияқты критерилермен бағаланды. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін респонденттер стандарттарға сәйкес аталған қызметтер көрсететін органдар жұмысына байланысты әр түрлі құрылымдар мен ұйымдарға жүгінді.
Сұрау салу қорытындысы бойынша 14219 қызметалушы болса, бұл жартысынан көбінің (51,5%) сол және өзге де мемлекеттік қызмет көрсететін қызметберуші офисіне жүгінгендігін анықтап отыр. Ал 40,3% жағдайында олар ХҚКО жүгінгендігін, тек соның 1,6% ХҚКО өз өзіне қызмет көрсету аймағында мемлекеттік қызметті ала алған. Тағы қызметалушылардың 8,2% мемлекеттік қызметті өздерінің мобильдік қосымшасындағы және компьютеріндегі порталдан алған.
Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша рейтингте ең жоғары бағаны мынадай қызметтер: «Мемлекеттік емес облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу», «Өтуге рұқсаттама беру және шекаралық белдеуде болу», «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқып жатқандарға жатақхана беру», «Құжаттарды қабылдау және жалпы білім беру, негізгі орта, бастауыш жалпыбілімберу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымына қабылдау», «Экономикалық шоғырлануға келісім туралы өтініштерді қарау», «Таурлардың жіктелімі туралы алдын ала шешім қабылдау», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бағыттау үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» және «Иондаушы сәулелерді генерациялайтын құрылғылар мен қондырғылармен жұмыс істеуге рұқсаттама беру» алды.
Айтарлықтай төмен бағамен бағаланғандар «Жедел медициналық жәрдем», «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу», «Мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз ету», «Тауарлық белгіні тіркеу», «Мүгедектерге оларға протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін құжаттарды рәсімдеу» және өзгелері.
Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бағытында орталық органдардың рейтингі қалыптастырылды. Оларда Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі (орташа балл 4,99 және 4,95 сәйкесінше) көшбасшы болып табылады. Рейтингте сондай-ақ Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Энергетика министрлігі, Ұлттық банк, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі жоғары позицияларда.
Негізінен азаматтардың наразылығы кері байланыс сапасынан, мемлкеттік қызмет мерзімі мен шығынмен көрініс тапқан, сондай-ақ қызметкөрсетуші қызметкерлер құзіреті мен жеделдігінің жетіспеушілігі.
Мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жақсарту, соның ішінде оларды жеңілдету, құжаттар тізімі мен мерзімін қысқарту, сондай-ақ бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру үшін ұсынымдар пысықталды.
Тұрғындардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қанағаттануы деңгейі 74,8% (бесбалдық баған бойынша орташа баға 4,73 балды құрады) болса, бұл өткен жылғыдан 2,4% жоғары (в 2018 жылы қанағаттану деңгейі 72,4% құрады).
Көрсету сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызметтің айтарлықтай бөлігінің әлеуеті бар екендігін атап көрсету керек. Тұрғындарға қызмет көрсетумен байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік органдар жұмысын оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Бұл жерде Мемлекеттік корпорация мен мемлекеттік органдар арасындағы сапалы өзарабайланыс та маңызды.
Уәкілетті мемлекеттік органдарға қатысты айтар болсақ, онда электрондық мемлекеттік қызмет көрсету «бір терезе» қағидатына толық сәйкес келуі және әкімшіліктік кедергілерге жол бермеуі тиіс. Мысалы, электрондық өтініш бергенде кейбір жағдайларда қызметалушының көрсетілетін қызмет қорытындысын алу, құжаттарды жеткізіп беру және өзге де қызметтер үшін мемлекеттік органдарға жеке баруына тура келеді. Қызмет көрсетушілер бұл мәліметтерді мемлекеттік органдардың базасынан өздері сұратып алуы қажет. Бұл лицензияларды, рұқсаттамаларды, қорытындыларды, анықтамаларды және өзге де құжаттарды жинау мен берумен байланысты көптеген процестерді айтарлықтай жеделдетуге және жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Үйде берілетін мемлекеттік қызметтер тізімін кеңейту мүмкіндігін қарастыру. Сондай-ақ үйінде отырып қызмет алуға құқығы бар азаматтар категориясы тізімін кеңейту, өйткені жасы бойынша зейнетке шыққандар, көпбалалы аналар, сонымен қатар мүгедектер үшін қызмет көрсету орындарына бару айтарлықтай проблемалармен байланысты.
Қоғамдық мониторинг қорытындысымен Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттіктің www.qyzmet.gov.kz. сайтынан танысуға болады.