"Халықтың ақшасын суға ағызып жатыр": Павлодар тұрғындары шалшықтың үстіне асфальт төселіп жатқанын сынады

Сағыныш Сардарова 27 нау. 2026 14:27

Павлодар тұрғындары қала жолдарындағы шалшықтың үстіне асфальт төселіп жатқанын сынады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тұрғындардың шағымы әлеуметтік желіде жарияланды. "Халықтың ақшасын босқа шашып жатқанға ұқсайды", - делінген видео жазбасында.

"Шұңқырдың іші суға толған. 25 наурыз. Асфальтті шалшықтың үстіне төсеп жатыр. Осындай жөндеу керек пе өзі?" - дейді ашынған тұрғындардың бірі.

Желі қолданушылары бұл көрініске нарызылық білдірген:

"Бассыздық", "Павлодар әкімдігі мұндай жағдайға пікір білдіруге ұялатын болар", "Жаңа технология, мұндай бізде ғана бар".

Айта кетейік, міндетін тиісінше атқармағаны үшін техникалық және авторлық қадағалау өкілдері қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, бұған дейін, 25 наурызда, Павлодарда жолдар су астында қалғаны хабарланды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove