Халықаралық алма күні: Алматының үздік аспаздары апорттан дәм әзірледі

Dalanews 21 қаз. 2024 19:00 2059

Алманың отаны саналатын Алматы шаһарының төрінде, Алатау баурайында «Алма күнін» атап өту дәстүрге айналып келеді. Биыл да атаулы мереке жалғасын тапты. Қаланың үздік аспаздары алманың алуан түрінен 1000-ға жуық дәм әзірлеп, қала тұрғындарына ұсынды,  деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Іс басқармасына қарасты «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі алма фестивалі өтті.
Салтанатты іс-шараға эстрада әншілері қатысып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Мерекелік жиында түрлі сайыс өтіп, көпшілікке қолөнер бұйымдары көрсетілді.

«Халықаралық алма күніне орай біздің аспаздар  жаңа піскен алмадан 1000 түрлі кондитерлік өнім дайындады. Мерекенің ерекше безендірілуі алма мұражайының инсталляциясы, іс-шараның әр бұрышы алманың бай тарихы мен аймақ мәдениеті туралы баяндап тұр. Бұл мереке биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұны дәстүрге айналдырмақпыз», — дейді шипажай директоры Гүлжанат Бұғыбаева.

Шипажай директорының айтуынша, алма мерекесін өткізудің мақсаты- демалушылар мен келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ жеміс тарихын насихаттау.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар