"Хабарласыңыз". Трамп соткасының нөмерін таратты

Dalanews 31 мам. 2017 11:05 929

АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар мемлекеттердің басшыларына ұялы телефонының нөмірін беріп, тікелей қоңырау шалуды ұсынды. Ол осылайша дипломатиялық хаттама тәртібін бұзып, қауіпсіздік қызметінің алаңдаушылығын туғызды. Бұл жөнінде The Washington Post газеті хабарлайды.

Трамптың ұялы телефонының нөмірін Мексика президенті мен Канада премьер-министрі алды. Трамп сонымен бірге Франция президенті Эммануил Макронмен телефон нөмірлерін алмасқанын франсуз газетінің өкіліне айтты.

Басылым дереккөзі АҚШ президенті қандай телефон қолданса да, қауіпсіздігі сақталған не сақталмаған кеңселерде сөйлессе де, оның әңгімесі арнайы қызметке мәлім болады дейді.

Өткен жылы сайлау кампаниясы кезінде Трамп Демократиялық партия атынан сайлауға түскен Хиллари Клинтонды жеке электронды поштасы арқылы қызметтік құжаттар таратқанын айтып, сынаған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар