"Время" газетінің тілшісі: "Азильхан Нуршайыков? Кто он такой?" (видео)

Dalanews 28 сәу. 2018 09:21 937

Алаштың рухани астанасы Семей қаласында идеологиялық тұрғыда ескірген, мағынасыз көшелердің атын тарихи дәстүрлі атаумен ауыстыруға қатысты қоғамдық кеңес өтті деп хабарлайды DalaNews.kz. 

 Строительная көшесінің орнына әнші, сазгер Тұрсынғазы Рахимовтың, Парковаяға Кеңес одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың, Крупскойдың орнына Қазақстанның халық жазушы Әзілхан Нұршайықовтың және Краснознаменная көшесін Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Баян Байғожина есімдерімен ауыстыруды ономастикалық комиссия ұсынды.

Бірақ шараға келген кейбіреулер аяқасты бүлініп, қазақтың батыр қызы Баян Байғожинаға шаһарымыздағы Краснознаменная көшесін беруге үзілді кесілді қарсы шықты.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Николай Исаев, өлкетанушы Павел Жуков:
  «Баян Байғожина кім? Ол соғыста болған ба?» – деген түк білмейтін баланың кейпінде болып, лайықты адамға немесе сол көшенің аты қала берсін деген тілектерін білдірді.

 

[video width="720" height="576" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2018/04/video-1524906165.mp4"][/video]

 Қазақтың қаһарман қызы Белоруссия, Литва, Польша, Германия жерлерін азат ету ұрыстарына қатысып, жеңіске 12 күн қалғанда Германияның түбіндегі Гинденбург қаласында қаза табады.

Ал батыр қызға көше беруге қарсы шыққандар, оның майдан даласында мерт болғанына сенбей, қолда бар ақпаратты жоққа шығарып отырғаны қай сасқаны екенін ұға алмадық.
 «Қуырдақтың көкесін, түйе сойғанда көресің» дегендей Милана Гузеева деген журналист белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовты танымауы жиналған жұртшылықтың жағасын ұстатты.

 «Кто он такой, я его не знаю, наверно его не многие знают» деп...

Оның айтуынша көше атауын тек танымал адамдарға беру керек. Бұл қалай? Әйгілі жазушы, қазақтың қаһарман қызын танымайтындар да бар ма? Сонда олар қай елде өмір сүреді? Ер есімін ел есінде қалдыру сіз бен біздің борышымыз емес пе еді? 

  Қуаныш Рахметоллаұлы, журналист


[video width="720" height="576" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2018/04/video-1524905920.mp4"][/video]

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар