Бұрын бірнеше БАҚ-та жұмыс істеп, кейінгі жылдары «Ведомости Казахстана» желілік басылымын басқарған журналист Валерий Сурганов халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратты деген күдік келтірілген. Қылмыстық істі Астана қаласының полиция департаменті тергеп жатыр.
«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының мәліметінше, бұған дейін Сургановқа судья Дания Кисиковаға жала жапты деген айып тағылғанымен, бұл іс тараптардың татуласуымен аяқталған. Ал 2026 жылдың көктемінде журналист қорлау ісі бойынша кінәлі деп танылып, 90 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған.