"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан қуанышты хабарын айтты

"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан қуанышты хабарын айтты
Мөлдір Мұқан. Фото: ашық дереккөзден

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты жағымды жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өнер иесінің айтуынша, оған "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан жаңа телехикаядан рөл ұсынылған. Мөлдір Мұқан бұл ұсынысты қабыл алғанын жеткізді.

"Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине, қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін", – деді ол.

Әнші жаңа жоба өзінің шығармашылық жолындағы ерекше кезеңдердің бірі екенін атап өтті. Оның сөзінше, түсірілім тобының сенім білдіріп, рөл ұсынуы өзіне үлкен қуаныш сыйлаған. Телехикаяда Мөлдір Мұқан Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды. Жобада медицина қызметкерлерінің күнделікті еңбегі, дәрігер мамандығының жауапкершілігі мен қоғамдағы маңызы көрсетілмек.

"Ақ халатты абзал жандардың жұмысы үнемі көзге көріне бермейді. Бірақ түрлі сынаққа тап болып, дертпен бетпе-бет келгенде олардың қадірін түсінеміз. Осы тақырыпты кино арқылы халыққа жеткізіп жатқан ұлттық арнаға және түсірілім тобына алғысымды білдіремін", – деді Мөлдір Мұқан.

Өнер иесі жаңа телехикаяның көрермен көңілінен шығатынына сенім білдірді.