Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 3 қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды dalanews.kz.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Түкеновтің айтуынша, инвестиция туралы тиісті келісімдерге қол қойылған. Инвестицияның жалпы көлемі - 293 млрд теңге.
"Құрылыс мерзімі - 2 жыл. 3 зауыт электр энергиясын ала отырып, тәулігіне 3600 тонна қалдықтарды кәдеге жаратады. Айта кету керек, бұл зауыттар өнеркәсіптік шығарындылар бойынша еуропалық директиваларға сәйкес келеді", - деді ол ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Экология министрлігі мәліметінше, биыл 884 заңсыз қоқыс полигоны анықталған. Десе де кейінгі бес жылда заңсыз қоқыс орындарының саны екі еседен аса азайған.