ҰҚШҰ-ны басқаруды Алматыны басқарумен шатастырмаңыз, Имеке!

Dalanews 11 қаң. 2023 03:11 1058

Өткен жылдың аяғында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы болып тағайындалған Иманғали Тасмағамбетов қызметіне кірісер сәтте аймақтағы қауіпсіздікті сақтауда ҰҚШҰ-ға балама жоқ екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Күні кеше ғана жаңа қызметіне кіріскен Имекең ұйымның мәртбесін асырып, өзін осы қызметке лайық көрген мемлекет басшыларына алғыс айтты.

– ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларының осы жауапты құрылымды басқаруды маған сеніп тапсырғанына алғыс айтамын. Бүгінде әлем түрлі геосаяси жағдайларға тап болып, өте маңызды саяси-экономикалық мәселелермег бетпе-бет келіп отыр.

Бүгінде ҰҚШҰ-ның алдында өзекті осы мәселелерді шешу міндеті тұр. Аймақтық қауіпсіздікке қатысты сын-қатерлердің тігісін жатықызуда Ұжымдық шарты ұйымына үлкен жауапкершілік жүктелуде. Аймақтағы қауіпсіздік мәселелерді шешуде ҰҚШҰ-ға балама болатын ұйым жоқ, – деді Тасмағамбетов.


Шындығында ҰҚШҰ соңғы кездері аймақтағы қауіпсіздікке жауап бере алмайтын әлжуаз ұйымға айналған. Ресейдің мүддесіне жұмыс істейтін ұйымды он жерден мақтасақ та енді адам болмасы анық.

Айталық, Армения мен Әзірбайжан, Қырғызстан мен Тәжікстан арасында қарулы қақтығыс кезінде тараптарды бітімге келтіре алмаған ұйымнан не күтуге болады?

Өткен жылдың аяғында ҰҚШҰ-ның Арменияда өткен басқосуында Армения билігі ҰҚШҰ-дан шыққысы келетіндерін ашып айтты. Оны қарапайым армияндар да қолдағанын білеміз.

Ал мұның алдында Қырғызстанның президенті Садыр Жаппаров ұйымның Петерборда өткен жиынына бармай, ҰҚШҰ-ның қадірін одан бетер қашырып жібергені есімізде.


Бүгінде Ресей әскерінің Украина қарулы күштерінен ойсырай жеңілуі ҰҚШҰ-ның болашағы бұлыңғыр екенін соқырдың қолына таяқ ұстатқандай дәлелдеп берді емес пе?

Кетеуі кеткен ұйымға Тасмағамбетов басшы болып сайлағаннан түк өзгермесі анық. ҰҚШҰ-ны басқару Алматыға басқарумен жасаумен шатастырумаңыз, Имеке!

Кім біледі, Имекеңнің маңдайына ҰҚШҰ-ны тарқатып, соңғы нүктесін қою тарихи миссиясы жазылып қойған да шығар?..

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар