ҰҚК құрамына енген Антикорға жаңа басшы тағайындалды,- деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 30 маусымда Президент жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылған болатын.