Freedom Inside '26

ҰҚК Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың біраз бөлігін тапты

ҰҚК Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың біраз бөлігін тапты
ҰҚК баспасөз қызметі

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл жыл басынан бері ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі.

ҰҚК мәліметінше, бұл қарудың едәуір бөлігі Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағына қаруды заңсыз әкелу деректері тіркелген.

"ҰҚК көрші елден келетін қару контрабандасы арнасының жолын кесіп, ел аумағында он қаруды сатуға ниеттенген шетелдік азаматты ұстады", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті қару-жарақты көліктің қаптамасына жасырып, ҚР азаматтары арасындағы сыбайластарының көмегімен жеткізген.