Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары Салтанат Нүкенова BAU мейрамханасында соққыға жығылған видеоны көрсетті.
Бишімбаевтың адвокаты Бишімбаев Салтанатты ұрып жібергеннен кейін Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылғанын айтады.
Экс-министрдің қорғаушылары басқа медициналық сарапшылардан жауап алу туралы өтініш береді.
Судья Бишімбаевтың адвокаттарының өтінішін қанағаттандырмады.
Айта кетейік, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.
Сот отырыстарында оқиға болған кездің, дәлірек, Бишімбаев Салтанатты шашынан сүйреп, тепкілеген сұмдық кадрлар көрсетілді.