Үндістанда медициналық ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қайғылы оқиға 23 ақпанда Джаркханд штатында болды. Үндістан аумағында Beechcraft C90 медициналық ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін бірнеше минут өткен соң қалың орманға құлаған.
Ұшақ бортындағы барлық адам қаза тапты. Олардың қатарында ауыр күйік алған науқас, оның екі туысы, дәрігер, фельдшер және екі ұшқыш болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, апатқа қолайсыз ауа райы мен қатты турбуленттілік себеп болған. Соның салдарынан ұшқыштар әуе кемесін басқара алмай қалған.
Куәгерлердің айтуынша, ұшақ құлаған сәтте қатты жарылыс естіліп, орман үстінен қалың түтін көтерілген.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Әуе апаттарын тергеу бюросы комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Тергеу жалғасуда.
