Белгілі журналист Дәурен Қуат Жер заңнамасына қатысты президент жарлығын сылбыр орындап жатқан Мәсімов үкіметіне қатысты пікірін білдіріпті.
Президент 2016 жылдың 6 мамырында "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Жарлық шығарып, оны заңдастыру үшін Үкіметке тапсырма береді.
Әншейінде «Елбасының тапсырмасы» деп тапырақтай жөнелетін Үкімет Елбасының бұл реттегі тапсырмасын бір ай 16 күнде әрең орындап, мәжіліске мақұлдатқан болып жатыр. Бұл не сонда?
Үндемейтін Үкіметіміздің президент жарлығына үнсіз қарсылығы ма, әлде...
«Әлде» деген әңгіме ойыңа әлдененелерді салады екен.
Автордың Фейсбуктегі парақшасынан алынды