Қазақстанда 7 миллионға жуық баланың есепшотына "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында қаражат аударылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Президенттің айтуынша, бағдарлама іске қосылғаннан бері балалардың есепшотына аударылған қаражат көлемі жыл сайын артып келеді.
"Біз бұл бағытта ауқымды жұмыс атқардық. 2024 жылы 695,5 миллион доллар, 2025 жылы 888,8 миллион доллар, ал 2026 жылы 901,7 миллион доллар бөлінді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы балалардың құқығын қорғау, олардың қауіпсіз әрі жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.