Ұлттық пантеонда мұсылмандар мен өзге дін өкілдері бөлінбеген

Dalanews 24 ақп. 2017 11:27 350

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбай Ұлттық пантеонда мұсылмандар мен өзге дін өкілдері бөлінбей қатар жерленіп жатқанын қынжыла жазыпты. 

"Ұлттық пантеон құрылысына қыруар қаржы бөлініп жатыр.

Ол жағына мен араласпай-ақ қояйын. Бірақ мәселенің дін маманы ретінде мен араласпасам болмайтын тарабы бар. Пантеонда мұсылмандар мен өзге дін өкілдері бөлінбеген. Қатар жерленуде. Бұл шариғатқа да, қазақ дәстүріне де қайшы. Ғұламалар басқа дін өкілдерінің зиратына жерленген мұсылманды қайта жерлеу керектігін айтқан. Мұның алды алынбаса, болашақта діни дүрдараздыққа, тіпті ұлтараздыққа себеп болуы мүмкін.

Ертең басқа дін өкілдерінің əруағына құрмет ретінде зират басында арағын ішіп, шариғатқа қайшы түрлі əрекеттерін жасап жатқанын көрген мұсылман баласы қандай күйде болуы мүмкін?!"

Қайрат Жолдыбай, дінтанушы


Фейсбук парақшасынан


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар