Ұлттық банк басшысы Үкімет отырысында есінеп отыр

Көркем Алдабергенова 27 там. 2024 12:09 3169

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында есінеп отыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл сәт онлайн режимде видеоға түсіп қалған. 

Сүлейменов премьер-министр Олжас Бектенов сөйлеп от ырған кезде бірнеше рет есінеп, артынша ұйықтап кеткендей көрінеді. 

Айта кетейік, бүгін Үкімет Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өткізу мәселелері бойынша қаулы қабылдады. 

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ғалымдар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен өткен Үкімет отырысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары қаралды.

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Республикалық референдум өткізу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы туралы» Үкімет қаулысының жобасын қарауға енгізуге ұсыныс жасады.

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі көптен бері көтеріліп келе жатқанын және бұл саланың келешегі зор екенін атап өтті. Бүгінде елімізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілген, шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне Үкімет Аппаратымен бірлесіп Президент Әкімшілігіне Жарлық жобасын енгізуді тапсырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар