Елбасы көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, еліміздің Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Кәрімұлы Нәдіровтің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдаған.
"Нәдір Кәрімұлы саналы ғұмырын мұнай ғылымы мен инженерлік саланы дамытуға арнап, кәсіби биік белестерді бағындырды және ғылыми қоғамдастық тарапынан кеңінен мойындалды. Ол шебер ұйымдастырушы әрі беделді ұстаз ретінде ғалымдар мен педагог мамандардың тұтас буынын тәрбиеледі.
"Барбанг" Қазақстан күрдтері қауымдастығының құрметті президенті кезінде еліміздегі қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайтуға зор үлес қосты", – делінген жеделхатта.