Ұлытау облыстық сот алқасының төрағасы ұсталды - БАҚ

Көркем Алдабергенова 12 мау. 2025 18:12

Жезқазғанда Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Шайқамалов ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Қазақпарат агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу мәліметінше, судья адвокат арқылы ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінген. Ұстау кезінде параның бір бөлігі тәркіленген.

Арнайы операцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп жүргізген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар